
Кездесуге «УралТехСервис», «ОралАвтоТранс», «ЗКАП», «Алый парус», «Ақжол-Авто» жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындар басшылары, қоғам белсенділері, қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде қаладағы қоғамдық көлік қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту шаралары, жолаушылар тасымалы көліктері аялдамаларының атауларын қайта қарау сынды мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында қаладағы қоғамдық көліктер қызметі, жолаушылар тасымалы туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жолаушылар көлігі секторының бас маманы Нұрбол Сабыржанов баяндаса, жолаушылар тасымалындағы автобус қозғалысы туралы ақпаратты хабарландыру мен көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде «Тіл туралы» ҚР Заңының нормаларының сақталуы туралы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев баяндады.