Бүгін Орал қаласында.«Тең қоғам» әлеуметтік орталығы ашылды. Ол «Қазақстанда әр алуан, бірақ тең қоғам құру» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асып отыр. Орталық қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін болады.

Бүгін Орал қаласында.«Тең қоғам» әлеуметтік орталығы ашылды. Ол «Қазақстанда әр алуан, бірақ тең қоғам құру» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асып отыр. Орталық қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін болады.

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 9 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оларлың өз қабілеттерін іске асыруға мейлінше тең мүмкіндіктер туғызуды мақсат еткен бұл орталықта құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау, жұмыс іздеу және орналасу жөнінде тегін кеңестер беріледі. Қазіргі таңда мекемеде 6 маман тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік орталықтың салтанатты ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

- Біз бүгін тағы қаламызда қоғамға пайдалы бір жаңа орталықтың халық игілігіне беріліп отырғанының куәсі боп тұрмыз. «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының басты мақсаты «Бір терезе» қағидасы негізінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйрету қызметтерді жүзеге асыруға қолайлы ортаны қалыптастыру болып отыр. 2021 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде психоневрологиялық паталогиялардың профилактикасы мен әлеуметтік бейімдеу бар жартылай стационар жағдайында мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі оңалту орталығы жұмыс атқаруда. Біз осы орталық арқылы аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін осындай жандармен тығыз байланыста жұмыс жасауымыз қажет. Бұл қоғамды дамытудың алғашқы тетіктерінің бірі болатынына шын жүректен сенемін, - деді Абат Абайұлы.

Айта кетейік, ашылған орталық бұрынғы «Ару-Ана» тойханасының ғимаратында орналасқан. Аталған нысан қызмет бағытын өзгертіп, әлеуметтік нысан ретінде қайта жасақталды.