Қала әкімі Абат Шыныбеков шаһардың белсенді жастарымен кездесті

Қала әкімі Абат Шыныбеков шаһардың белсенді жастарымен кездесті

Қала әкімі Абат Шыныбеков шаһардың белсенді жастарымен кездесті. Олардың қатарында кәсіпке енді бет бұрғандар, білім мен өнер жолында жетістікке жеткендер, жастар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, студенттер мен волонтерлер бар.

Табиғат аясында оздырылған басқосуда жастардың жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін түйіткілдер әңгіме арқауына айналды. Шаһар басшысы қалада жастарды қолдау бағытында атқарылар жұмыстарды мәлім етті. Кездесуде белсенді жастар сөз сөйлеп, замандастарына замандастарына жан-жақты жағдайлар жасалып жатқанына ризашылықтарын білдірді.

Басқосуға қатысқан жастар, сондай-ақ қазіргі таңда өздерін қандай мәселелер мазалайтынын жеткізді. Олар жастарды тұрақты жұмыспен қамту, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, өскелең ұрпақтың шығармашылықтарын дамыту, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру жайында ұсыныстарын ортаға салды. Қала әкімі жастардың сауалдарына жауап беріп, бастамаларын қолдайтынын атап өтті.

Қаланың белсенді жастары мұндай кездесулердің жиі болуына тілектестіктерін білдірді.