
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары депутаттармен бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлерлі басқарудың жаңа формасын түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесуде. Мамандардың айтуынша, жаңа Заң бойынша тұрғын үйді басқарудың 2 формасы қарастырылған. Мүлік иелерінің бірлестігі — заңды тұлға, жай серіктестік — заңды тұлға болып табылмайды. МИБ немесе жай серіктестік құру үшін жалпы тұрғындар жиналысын өткізіп, кемінде 3 адамнан тұратын үй кеңесін сайлау қажет. Мұнан соң төраға таңдайды. Кездесулер барысында мамандар МИБ-ті тіркеу және жай серіктестікті құру жөнінде егжей-тегжейлі мәлім етті.
Қазіргі уақытта қала бойынша 1246 көпқабатты тұрғын үй бар. 9 үйде мүлік иелерінің бірлестігі, 2 үйде жай серіктестік құрылды, қалған 901 үйге 106 пәтер иелерінің кооперативтері қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, басқару нысандары жоқ (иесіз) 334 үй бар.
Айта кету керек, ПИК қызметі 2022 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатылады.