Бүгін қала әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен «Жазғы кезеңде балалардың демалысын және бос уақытын ұйымдастыру: тәжірибе-перспективалар» тақырыбы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Бүгін қала әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен «Жазғы кезеңде балалардың демалысын және бос уақытын ұйымдастыру: тәжірибе-перспективалар» тақырыбы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері мен Орал қалалық мәслихатының, Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен білім басқармасының, қалалық полиция басқармасының өкілдері, Желаев селолық округінің, Круглоозерный, Деркөл және Зачаган кенттерінің әкімдері, Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері, қала әкімдігі бөлімдерінің, қаланың Төтенше жағдайлар басқармасының, сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің, сондай-ақ Орал қалалық бағбандар қоғамының басшылары қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар күн тәртібінде белгіленген мәселелерді талқылады. ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 30-шы отырысының ұсынымдарына, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша ұсынымдарға ерекше назар аударылды.

Қала әкімі балалардың қарым-қатынасында қылмыс жасау жағдайын тұрақтандыру, жасөспірімдердің жазатайым оқиғаларының алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ жазғы кезеңде балалардың демалысын және бос уақытын ұйымдастыруда ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту бойынша нақты тапсырмалар берді.