
Бүгін қала әкімінің орынбасары Асхат Кульбаевтың төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің 2021 жылғы 14 мамырдағы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою жөнінде ұсынысын қарау бойынша жиын өтті. Басқосуға қала әкімі аппаратының басшысы Исатай Джазықбаев, кенттер және селолық округ әкімдері, құрылымдық бөлім басшылары және қалалық ТҮКШ, ЖКжАЖ бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ жиынға БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Камал Қабылбеков, БҚО бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеу басқармасының басшысы Ахмед Абакаров, БҚО бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі департамент басшысының орынбасары Аманқос Жұбаныш, БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллина және «Ақжайық — адалдық алаңы» жобалық офисінің өкілі Алия Салиева шақырылды.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 2021 жылғы 14 мамырдағы анықталған сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары көрсетілген ұсыныс туралы ақпарат бойынша Ахмед Абакаров, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын сақтау мәселелері, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде этикалық нормаларды сақтау бойынша жұмыстардың тиімділік деңгейін анықтау жөніндегі анонимді сауалнама нәтижесі бойынша Айман Хайруллина және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша Аманқос Жұбаныш баяндама жасады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты Алия Салиева пікір білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша Асхат Кульбаев қалалық ТҮКШ, ЖКжАЖ бөлімінің басшылығына күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тасырмалар жүктеді.