Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 28 сәуір күні Н.Назарбаев даңғылы бойынша сағат 9:00-13:00 аралығында М.Мәметова көшесінен Абай даңғылына дейін және сағат 14:00–18:00 аралығында Абай даңғылынан Ықсанов көшесіне дейін жол таңбалау жұмыстарының жүргізілетіндігін хабарлайды.

Осыған орай, сағат 9:00-13:00 уақыт аралығында №5, 10, 7, 17, 35, 49, 52, 53 қоғамдық көліктерінің қозғалысы Абай даңғылы, Исатай-Махамбет, Хиуаз Доспанова, академик Асан Тайманов, М.Мәметова көшелері арқылы, сағат 14:00–18:00 аралығында №1, 2, 22, 12, 5, 35, 49 қоғамдық көліктерінің қозғалысы Ықсанов, академик Асан Тайманов көшелері арқылы жүргізіледі және әрі қарай бекітілген сұлбалары бойынша жүзеге асырылады. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!