Онлайн режимде қала әкімі аппаратының басшысы И.Джазықбаевтың төрағалығымен Орал қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Онлайн режимде қала әкімі аппаратының басшысы И.Джазықбаевтың төрағалығымен Орал қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Зашаған кентінде тұратын балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша мемлекеттік құрылымдар, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар қабылдаған шаралар блогы қаралды. Құқық бұзушылықтардың, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Отбасылық және мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленетін балалар үшін қолайлы орта құру жөніндегі шаралар талқыланды. Жазғы кезеңде кәмелетке толмағандардың бос уақытын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру перспективалары қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша И.Джазықбаев Covid-19 пандемиясына байланысты шектеу шараларын ескере отырып, Зашаған кентінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың бірыңғай ведомствоаралық жоспарын әзірлеу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Оны іске асыруға барлық мүдделі ведомстволар білім беру, мәдениет, халықты жұмыспен қамту, ҮЕҰ, волонтерлік ұйымдардың қатысуы көзделеді.
Облыстық отбасылық типтегі балалар ауылының бейәлеуметтік өмір салтына және қаңғыбастыққа бейімдігі айтылып, екінші бөлімде отырысқа қатысушылар тәрбиеленушілердің жеке істерін қарады.