
Қазіргі таңда Абай даңғылында Назарбаев даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Әбілқайыр хан даңғылы, Шолохов, Датов, Гагарин, Мұхит, Сарайшық, Айтиев, Тюленин, Полевая, Кердері, Московская сияқты ірі көшелер ағымдағы жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек, мұндай жұмыстарға қажеттілік туындаған тағы да бірқатар көшелер жөнделеді.
Қалада ағымдағы жол жөндеу екі ауысыммен жүргізілуде.