
Аталмыш ауданның тұрғыны Жанна Жанғалиеваның айтуынша, жұлдыздық тұрғындар мұндай сенбіліктерден әркез қалыс қалмайды екен. Бірлігі жарасқан шағынаудан тұрғындары әркім өзінің тұрғылықты мекенін таза ұстағанда ғана шаһарымыз көркейе түседі деп есептейді.
Тазалық шарасына шағынауданнан көптеген тұрғын қатысып, өз өлкелерінің тазалығына жанашырлықтарын көрсетті.