
Онлайн форматта өткен тыңдауға қала тұрғындары «Zoom» платформасы арқылы қатысты.
Қоғамдық тыңдауда тұрғындармен 12 көшенің және бір алаңның атауын өзгерту мәселесі талқыланды.
Қоғамдық тыңдауға қатысқан оралдықтар өзгерістерді оң қабылдап, М.Мәметова алаңының — Батыр қыздар алаңы, Московская көшесінің – Тәуелсіздік, Мирзоян көшесінің– Желтоқсан, Согласия көшесінің – Шәпет Қоспанов, Тәуелсіздік көшесінің – Бисен Жұмағалиев, Светлая көшесінің – Базарбай Жұманиязов, Надежда көшесінің – Тұяқберді Шамелов, Лиственная көшесінің – Жанғали Набиуллин, Букетная көшесінің – Николай Чесноков, Вольная көшесінің – Сухан Камалов, Лазурная көшесінің – Павел Букаткин, Ореховая көшесінің –Алдияр Рахметов, Евразийская көшесінің – Еуразия көшесі болып ауыстырылуын қолдады.
Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша хаттама толдырылады. Хаттама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, тиісті ономастикалық комиссияларға жолданатын болады.