
Тексеру қорытындысы бойынша карантин шараларын бұзған мейрамханалар, кафелер мен караоке-барлар анықталуда. Сондай-ақ қоғамдық көліктердегі санитарлық талаптарды сақтау шаралары бақылауда. Мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлік нысандарға қатаң санитарлық талаптарды сақтауға қатысты үнпарақтар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.