Сүйікті шаһарымыз Орал қаласы аумағын санитарлық тазалау, туған жеріміздің табиғатын өз қалпында сақтау мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте бірқатар аумақтар тазартылды

Сүйікті шаһарымыз Орал қаласы аумағын  санитарлық тазалау, туған жеріміздің табиғатын өз қалпында сақтау мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте бірқатар аумақтар тазартылды

Сенбілікке қала бойынша жалпы саны 1500 адам қатысты. Жұмысқа барлығы 15 техника жұмылдырылып, қала аумағынан 1000 текше метр күл-қоқыс шығарылды.
Санитарлық тазалық сақтау мақсатында сенбілік жүргізу қажеттігі жөнінде кіші және орташа субьектілерге 674 дана хабарлама таратылды.Мұндай сенбіліктер екі айы бойы жалғасатын болады.