Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаламыздағы алты бала туған және тәрбиелеген аналарды қабылдады

Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков  қаламыздағы алты бала туған және тәрбиелеген аналарды қабылдады

Шаһар басшысы ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан аналарға алғысы мен  тілегін білдірді. Қабылдауда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға  Күміс алқаларын табыстады.