Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың туғанына 95 жыл толуына орай М.Ықсанов атындағы №36 орта мектепте тұлға ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың туғанына 95 жыл толуына орай М.Ықсанов атындағы №36 орта мектепте тұлға ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Шарада қала әкімі Абат Шыныбеков сөз алып, өнегелі өмірімен, жасампаз еңбегімен ел есінде қалған тұлғаның облыс жұртшылығының берекелі өмір сүруіне айрықша үлес қосқанын атап өтті. 2005 жылы құрылған «Ықсанов атындағы қордың» жетекшісі Асқар Атаев өз сөзінде Мұстақым Ықсанов феноменін ашып көрсетудегі келелі істерге тоқталды.

Мұнан соң қатысушылар М.Ықсанов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қайраткерге тағзым етті.