Орал қаласында ауа райының жылынуы мен қардың еруіне байланысты су сору жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр

Орал қаласында ауа райының жылынуы мен қардың еруіне байланысты су сору жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр

Орал қаласында ауа райының жылынуы мен қардың еруіне байланысты су сору жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Тиісті қызметтер тәулік бойы қаладағы орындардың жаппай су астында қалуын болдырмауға арналған шараларды қабылдауда. Қазіргі таңда қала көшелерінен 13 мың текше метр су шығарылды. Сонымен қатар, арықтарды да тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қала көшелерінде 40 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, қар шығару жұмыстарына да 100-ден астам техника және 320 қызметшілер жұмылдырылған.