
Құрметті оралдықтар!
Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әз халқымыз Наурыз мерекесін қашанда көтеріңкі көңілмен, кең пейілмен ерекше қарсы алады. Ұлтымыздың ұлық мейрамы - ел тарихының айнымас бір бөлшегі, мәдениетіміз бен дәстүріміздің киелі бастауы. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қадам басқан мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды.
Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын жаңаша атап өту қажеттігіне тоқталды. Ұлыстың ұлы күнін ұрпаққа өнеге болатын игілікті іске ұластырудың маңызды екенін айтып өтті.
Біз берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтап келеміз. Татулық пен тұрақтылықтың арқасында еліміздің еңсесі биік. Халқымыздың қастерлі қасиеті мен бекзат болмысы арқасында күрделі кезеңді еңсеріп шығатынымыз сөзсіз.
Наурыз мерекесінде Орал өңірін берекелі еңбегімен құтты мекенге айналдырған қаламыздағы барша ағайынға зор денсаулық, баянды бақыт пен мол ырыс тілеймін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!