
Тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында салынған.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев пен шаһар басшысы Абат Шыныбеков мейрам қарсаңында баспаналы болған отбасылардың үйіне арнайы барып, қуаныштарымен құттықтады.
Жалпы ауданы 10 221,84 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйде 180 пәтер бар. Пәтерлер «Отбасы банк» салымшылары болып табылатын тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілді.
Айта кетейік, облыс коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймақта болуына байланысты тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсімі өткен жоқ.