
Байқау ережесіне сай құрылымдық бөлімдер мен кент әкімдіктері өздері таңдаған салт-дәстүрдің тақырыбын ашып, театрландырылған көрініс ұсынды. Алдын-ала жолданған бейнематериалдарды әділ қазылар сараптап, үздіктерді анықтады.
Салт-дәстүрді насихаттауға арналған байқауға ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын, қоғам қайраткері Шолпан Қыдырниязова, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалының төрағасы Айдар Батырханов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Аманқос Жұбанышев әділ қазылық етті.
Байқауда үздік деп танылғандар алғыс хаттармен марапатталды.