
Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің өкімімен Аманбай Ұзақбайұлы Негметов Круглоозерный кентінің әкімі қызметіне тағайындалды.
Негметов Аманбай Ұзақбайұлы 9 ақпан күні 1988 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
05.01.2010-20.06.2012 – Круглоозерный психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесінің кадр бөлімінің инспекторы, БҚО, Орал қаласы, Круглоозерный кенті
04.10.2012 - 01.10.2013 – Теректі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі - статист, БҚО, Теректі ауданы,Федоровка ауылы
10.01.2014 - 17.03.2014 – Трекин ауылдық округі әкімінің аппараты - бас маманның міндетін атқарушы, БҚО, Бәйтерек ауданы,Трекин ауылы
17.03.2014-13.04.2015 – Трекин ауылдық округі әкімінің аппараты - бас маман, БҚО, Бәйтерек ауданы,Трекин ауылы
21.04.2015-12.06.2015 – Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты – жетекші маманның міндетін атқарушы, БҚО, Орал қаласы, Серебрякова ауылы
12.06.2015-01.12.2015 – Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты – жетекші маман, БҚО, Орал қаласы, Серебрякова ауылы
02.12.2015-26.03.2017 – Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты – абаттандыру бөлімінің бас маманы, БҚО, Орал қаласы, Круглоозерный кенті
27.03.2017-осы уақытқа дейін – Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты – абаттандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.