
Өткен мен бүгіннің сабақтастығын жалғастырған шараға Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.
- Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Келген жылымыз бар жақсылығымен келсін. Бүгінгі кездесудің орны бөлек. Мәслихаттың алғашқы шақырылымынан бастап бүгінгі күнге дейінгі депутаттарымыз жиналыс отыр. Өз кезеңдерінде қызмет атқарған аға-әпкелеріміздің бүгінгі жастарға үлгі болып,іс-тәжірбиелерімен бөлісуі керемет дүние. Қалалық мәслихаттың тарихы – шаһарымыздың тарихымен сабақтасып жатыр.Мәслихат – халықтың айнасы іспеттес. Сондықтанда халықтың қалаулысы болып, қызмет атқару жауапты іс. Халық үніне құлақ асып, мәселелерді тиісті деңгейде шешу үшін күш-жігер жұмсау кез-келген жанның қолынан келмейді. Алдыңғы шақырылым депутаттары салған сара жолды қазіргі шақырылымдағы әріптестеріміз жоғары деңгейде жалғастырады деген сенімдемін, – деді шаһар басшысы Абат Абайұлы.
Сондай-ақ іс-шарада қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мен Орал қалалық мәслихатының хатшысы Есентай Қалиевтер алдыңғы шақырылым депуттатарына ризашылықтарын білдірді.
Кездесу барысында Павел Кочетков, Борис Чебаков,Мақсот Берген,Семен Кустанович,Шалқыма Құрманалина,Александр Потиченко,Валентина Михно сынды қаланың дамуына еңбегі сіңген ардагер депутаттар тәжірбиелері және қызықты сәттерімен бөлісті.