
Ғылыми–техникалық дамудың бір бағыты болып табылатын робототехника саласына қызығушылық танытатын оқушылар мен студенттер осы алаңға жиналды.
- Іс-шара қатысушылардың робототехника мен ақпараттық технологиялар саласындағы зияткерлік-шығармашылығын көтеруді көздейді. Алдағы уақытта да мұндай шараларды тұрақты өткізуді көздеп отырмыз, – дейді көрме ұйымдастырушысы, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев.
Көрмеге Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенттері ұлттық ойын түрлерін ойнауға арналған «Асық ату», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Арқан тарту» роботтарын алып келіпті.
-Бұл салаға бала кезден қызығушылығым жоғары. Бастысы –өзіңнің ынтаң мен программа білсең болғаны. Біз көптеген робототехника сайыстарына қатысамыз. Ұлттық ойындарды осы салаға бейімдеп, әртүрлі қызықты сынамалар жасап жүрміз. «Асық ату» құрылғысымен облыстық байқауда жүлделі болдым, – деді республикалық жоғары техникалық колледжінің студенті Мирас Демеу.