
Ардақты ағайын! Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды Көрісу мерекесімен құттықтаймын! Бүгінде еліміздің батыс аймағында берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын халық сағына күтетін салтқа айналды.
Мерекеде айтылар көптің тілектері қабыл болып, жаңа жыл әрбір шаңыраққа шырайлы шуағын төгіп, ырыс-несібесін әкелсін. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мейрам Ұлыстың ұлы күніне ұлассын!
Ізгі ниетпен, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков