Н.Назарбаев даңғылының дизайн-коды таныстырылды

Н.Назарбаев даңғылының дизайн-коды таныстырылды

Бүгін Орал қалалық әкімдігінде Н.Назарбаев даңғылының дизайн-коды бойынша жоба талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары таныстырылым жасады.

Жиында аталмыш даңғылда бірізділік болу үшін әзірленген дизайн-кодтың жобасы көрсетілді. Жобада тарихи ғимараттардың колористикасы мен сыртқы түрі, қаланың ашық түсті ортасын қалып­тас­тыру, көрнекі ақпараттар мен маңдайшаларды бірдейлендіру, дүкендер мен сауда орындарына да қатысты жаңғырту жұмыстары жасақталған.

Жиында қала әкімінің орынбасары Асхат Кульбаев дизайн-кодтың бекітілуіне қарай жоспарды жүзеге асыру тұрақты негізде жүргізілетін айтты.