2021 жылдың 16 қаңтарында өткен Орал қаласының әкімі А.Шыныбековтың халыққа есеп беру кездесуіне дейін тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауаптар

2021 жылдың 16 қаңтарында өткен Орал қаласының әкімі А.Шыныбековтың халыққа есеп беру кездесуіне дейін тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауаптар

#repost @abat_shynybekov
Өздеріңіз білетіндей, 16 ақпан күні халық алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлістім. Онлайн форматта өткенге кездесуде көптеген мәселелер қамтылды.
Тікелей эфир барысында тұрғындардан 268 сұрақ түсті. Бұдан бөлек, қалада бірқатар орындарға қойылған жәшіктер, әлеуметтік желілелер мен call-орталық арқылы 215 сұрақтар мен ұсыныстар жолданған болатын. Тұрғындарды көбіне жол және әлеуметтік нысандарды салу мен жөндеу, жолаушы тасымалы, қолжетімді тұрғын үй, жер учаскесін беру, жарықтандыру, қаланың санитарлық тазалығы сияқты мәселелер толғандырады. Сонымен қатар абаттандыру, коммуналдық төлемдер, иесіз иттерді аулау, интернет мәселелері де тұрғындар тарапынан жиі көтерілді.
Тікелей эфир уақытының шектеулі болуына байланысты барлық сұрақтарға жауап беру мүмкіндігі болмады. Алайда жауаптарды толықтай Орал қаласының ресми сайтына орналастырдық (төмендегі сілтеме бойынша өтіңіз). Барлық сұрақтар мен ұсыныстар тиісті бөлімдерге жолданып, жұмыс жоспарына алынды.
Өз ұсыныстарын жолдап, сұрақтар қойған азаматтарға алғысымды білдіргім келеді. Бізге әр тұрғынның пікірі маңызды. Ортақ мекеніміз — Оралымызды бірге көркейтейік!