
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы "Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын №33-4 шешімімен бекітілген Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкес объектілердің иелері іргелес жатқан аумақты (автотұрақтар, бокстық гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, құрылыстар, сауда және қызмет көрсету объектілері) коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен санитариялық тазалауды және жинауды қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.
Осыған байланысты іргелес аумақты жаңадан жауған және тығыздалған қардан, қар-мұз қатпауынан және мұздан тазалау қажеттілігі туралы еске саламыз.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 505 – бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - 20 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 100АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.