
Оралда арықтарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қала бойынша 4235 метрді құрайтын үлкен, 3125 метрді құрайтын кіші айналма арықтар жүйесі бар.
Қазіргі таңда қаладағы арықтар жүйесінің 90%-ы тазаланған. Бұл туралы «Жайық таза қала» ЖШС басшысы Ринат Нұрғалиев мәлім етті.
– Көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында ауа-райының салқындығына қарамастан арықтарды тазалау жұмыстарын тазалаудамыз. Бүгін шаһарымыздың басты даңғылдарының арықтары тазаланып жатыр. Бұған дейін екінші жұмысшы шағынауданы, «Ет комбинаты» сияқты су басу қаупі бар аудандардағы арық жүйелері толық тазартылды, – деді Ринат Саматұлы.
Сондай-ақ алдағы уақытта ауа-райында өзгерістер орын алып, қайтадан қар түскен жағдайда арық жүйелерін тазалау жұмыстары қайта жүргізілетін болады.