Қала әкімдігінде көпбалалы аналар Алтын алқа және Күміс алқа төсбелгілерімен марапатталды.

Қала әкімдігінде көпбалалы аналар Алтын алқа және Күміс алқа төсбелгілерімен марапатталды.

Бүгін Орал қаласы бойынша бір ана алтын алқа, жеті ана күміс алқа алды.

Көпбалалы аналарды наградаларымен құттықтаған қала әкімі Абат Шыныбеков:

-Сіздер ел демографиясын көтеруге, ұлттық құндылықтарымыздың жоғалмауына қосып жатқан үлкен үлес қосып келесіздер. Ұрпақтарыңыз аман болып, ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер , - деді.

Жиын барысында көпбалалы ана Мөлдір Темірғалиева уақыт бөліп құттықтаған қала әкіміне алғысын білдірді.
- Ананың басты міндетінің бірі - дені сау,салиқалы ұрпақты дүниеге әкелу. Көпбалалы ана ретінде бүгін үлкен құрмет көрсетілуде, сондықтан сізге алғысымды білдіремін. Жалпы мемлекет тарапынанда көпбалалы аналарға үлкен қолдау-көмектер жасалып жатыр. Еңбектеріңізге табыс тілеймін,-деді Мөлдір Төлегенқызы.
Айта кетейік, 2021 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша Оралда жыл басынан бері 4 ана “Алтын” және 12 ана “Күміс” алқамен” марапатталған. Бүгін олардың қатары тағы да толықты