Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков тұрғындарды онлайн қабылдады

Бүгін қала әкімі Абат Шыныбеков тұрғындарды онлайн қабылдады

Шаһар басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар тұрғын үй, саябақ салу және өзге де әлеуметтік мәселелерге қатысты өтініштерін айтты. Азаматтардың мәселелерін тыңдаған қала әкімі олардың заң аясында шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Абат Абайұлы онлайн қабылдауға қатысқан бөлім басшылары мен мамандарына өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берді.