
Абай, Әбілқайыр хан, Н.Назарбаев даңғылдары, Шолохов және Сарайшық көшелерінде орналасқан ғимараттар мен бизнес нысандарына қар мен мұздан тазарту жұмыстары бойынша мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мониторинг тобының мүшелері мен жергілікті полиция қызметінің мамандары меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертпелер берді.