Бүгін Орал қалалық мәслихатының VII шақырылымының бірінші сессиясына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты

Бүгін Орал қалалық мәслихатының VII шақырылымының бірінші сессиясына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты

Сессияда сөз алған шаһар басшысы осы уақытқа дейін бірлесе қызмет атқарған депутаттарға алғысын білдіріп, қалалық мәслихаттың жаңа құрамына сәттілік тіледі.
– 10 қаңтар күні кезекті сайлау өтіп, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар құрамының жаңарғанын білесіздер. Бұл маңызды оқиға тәуелсіздік тарихындағы бетбұрысты белес болды. Еліміз жарқын келешек жолында татулық пен тұрақтылықты таңдады. Мен халықтың сеніміне ие болған Орал қалалық мәслихатының депутаттарын шын жүректен құттықтап, зор табыстар тілеймін. Еліміз бұдан былай да асқар асулардан абыроймен өтуі үшін бар күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет. Осы орайда, бізге ең керегі – қоғамның тұрақтылығы болып табылады. Бұл істе қаламыздағы жаңа сайланған халық қалаулылары елеулі үлес қосады деп үміттенемін, – деді Абат Абайұлы.

Айта кетейік, Орал қалалық мәслихатының жаңа құрамында 22 депутат бар. Сессия отырысында Орал қалалық мәслихат хатшысы болып Есентай Қалиев сайланды.