Қалада бірнеше жерде жәрмеңке ұйымдастырылуда

Қалада бірнеше жерде жәрмеңке ұйымдастырылуда

Қалада бірнеше жерде жәрмеңке ұйымдастырылуда. Тұрғындар демалыс күні азық-түлік өнімдерін шаруалардан төмен бағамен сатып ала алады.
Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі Х.Доспанова көшесі, 65 үй (№17 жалпы орта білім беру мектебінің маңы), Астана шағын ауданы, 1-құрылыс («Салтанат Сарайының» маңы) және Зашаған кенті, «Арман» шағынауданы, М.Мөңкеұлы көшесі, 114 үй («Жекпе-жектен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің» маңы) мекенжайлары бойынша өтуде. Жәрмеңке бүгін сағат 14.00-ге дейін жалғасады.