
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Демалыс күндері қалада бірқатар спорттық іс-шаралар оздырылады.
10 желтоқсан сағат 14.00-де Зашаған кенті, М.Мөңкеұлы көшесіндегі тынымбақта мұз айдыны ашылады.
Сол күні жастар стадионында көпшілік конькимен сырғанау ұйымдастырылады. Егер сізде коньки болмаса, сол жерден конькиді жалға алуға болады. Сіздер үшін киіну орны мен тамақтану орны жұмыс жасайды. Жастар стадионының жұмыс кестесі сағат 16.00-ден 23.00-ге дейін. 10 қаңтар күні кіру тегін.
Сонымен қатар 10 қаңтар күні допты хоккей, шағын футбол және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жасөспірімдер арасында жолдастық кездесулер өтеді. Спорттық шаралар «Орал» спорт клубында өтеді.
Басталуы: сағат 11.00.
Мекенжайы: Деркөл ауылы, Даля көшесі 7/3. (Жабық ғимараттағы шаралар санитарлық талаптарға сәйкес өткізіледі).
Бұдан бөлек, ертең сағат 11:00-де қаламыздың бірқатар аудандарында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Концертте облыстық және қалалық мәдени ұжымдар өнер көрсететін болады.
Концерттік бағдарламалар келесі мекенжайлар бойынша өтеді:
Жұбан саябағы, Жастар шығармашылығы орталығы, Салтанат сарайы, Самал көшесі, 72 (№37 мектеп аумағы), М.Мөңкеұлы көшесіндегі алаң, М.Мәметова алаңы, Деркөл кентіндегі мәдени-демалыс орталығының алаңы.
Баршаңыздан маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтауыңыз сұралады!