Қала әкімі Абат Шыныбеков онлайн форматта азаматтарды қабылдады.

Қала әкімі Абат Шыныбеков онлайн форматта азаматтарды қабылдады.

Тұрғындар қабылдауда тұрғын үй, апатты үй және жер мәселелерін көтерді. Шаһар басшысы айтылған мәселелер қолданыстағы заң аясында қаралып, осының негізінде ұсыныстар қабылданатынын алға тартты. Бұдан бөлек, қала басшысы қабылдауға жазылған азаматтарға тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалар туралы түсіндіріп өтті.

Еске сала кетейік, қала әкімінің онлайн қабылдауына 51-28-86 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.