Бүгін Орал қаласының “Жұлдыз” шағынауданында облыстық инфекциялық орталық пайдалануға берілді.

Бүгін Орал қаласының “Жұлдыз” шағынауданында облыстық инфекциялық орталық пайдалануға берілді.

Тамыз айында басталған инфекциялық аурухананың құрылыс жұмыстарын "KazРaco" ЖШС жүргізген. Негізгі мердігер - Қазақстанның құрылыс көшбасшыларының бірі “BI - group”компаниясы. Оған демеуші компанияның есебінен 7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Заманауи медициналық мекеме 200 орынға есептелген. Оның ішінде 20-сы жансақтау орындары. Жалпы алаңы 6800 шаршы метрді құрайтын аурухана қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Аурухананың ашылуы салтанатына қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев қауіптің әлі сейілмей тұрғанын, сол себепті тұрғындардың да өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін, шектеу шараларын сақтауы керектігін баса айтты. Сондай-ақ кез келген уақытта медицина қызметкерлері мен инфрақұрылымның дайын болу керектігін алға тартты.

Модульдік инфекциялық аурухана өңірді уақыттың жаңа сын-тегеуріндеріне дайындау пункттерінің біріне айналмақ.