
Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қалаға қардың қалың түсуі салдарынан абаттандыру ережелерінің сақталуына мониторинг жүргізді.
Тұрғындардың жарақаттануын болдырмау мақсатын және "Орал қаласының аумағын абаттандыру ережелері" негізінде қажетті шараларды сақтай отырып, ғимараттар, нысандар мен меншік иелері, жеке және заңды тұлғалардан шатырларын қардан, мұздан тазартуды сұраймыз.