
Қала әкімі Абат Шыныбеков аталған «Ашық әкімдікті» аралап, жобаның жұмысымен танысты.
Мұнда тұрғындарға қала әкімі аппаратының кеңсесі, жер қатынастары бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне қатысты мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Барлығы 18 мемлекеттік және 18 қосымша қызмет алуға болады.
Ғимарат биыл ағымдағы жөндеуден өтіп, «Ашық әкімдік» жобасына сай жабдықталған.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында «Ашық әкімдіктің» филиалы Зашаған кентінде ашылған болатын.