Бүгін Оралда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде тоғыз қабатты жаңа үй пайдалануға берілді

Бүгін Оралда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде тоғыз қабатты жаңа үй пайдалануға берілді

Бүгін Оралда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде тоғыз қабатты жаңа үй пайдалануға берілді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тұрғын үйде кезекте тұрған азаматтарға 216 пәтер кілті тапсырылды.

Құрылыс жұмыстарын "СКФ ОтделСтрой"ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Пәтер кілттерін тұрғындарға облыс әкімі Ғали Есқалиев табыстады.

Ғали Нәжімеденұлы пәтер алушыларды құттықтап, жаңа баспаналарында әрдайым молшылық пен қуаныш болуын тіледі.

- Биылғы жыл күрделі болғанымен қатар, жақсы жетістіктерге толы жыл болды. Сондай игі істің бірі ретінде бүгін жаңа жыл мерекесі қарсаңында пәтер иелерінің қуанышты сәтіне тағы бір мәрте куә болып отырмыз. Жаңа жыл бәріңізге сәтті жыл болсын. Шаңырақтарыңызда жақсылық пен қуаныш салтанат құрсын, - деді аймақ басшысы.

Үйдің салтанатты ашылу рәсімінде жаңа пәтер иесі Қырмызы Сұлтанова осындай мүмкіндік сыйлаған облыс және қала басшылығына алғысын білдірді.