Оралда “Жыл үздігі - 2020” марапаттау рәсімі өтті

Оралда “Жыл үздігі - 2020” марапаттау рәсімі өтті

Дәстүрлі түрде өтетін іс-шарада түрлі кәсіпті меңгерген сала мамандары марапатқа ие болды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, өз саласының үздіктеріне қаланың өркендеуі, дамуы жолында жыл бойы атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Биылғы жылы үздіктер 16 аталым бойынша анықталды. Жыл қорытындысы бойынша «Үздік инвестор» аталымына «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС директоры Алмат Забыхов лайық деп танылды. «Жайық Таза қала» ЖШС қызметкері Нұрлан Жақанов «Үздік тазалық сақшысы», Жастар мәдениет үйінің «Алаш» этно – фолькорлық ансамблінің жетекшісі Данияр Таңатаров «Үздік мәдениет қызметкері», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» қызметкері Макира Рахметуллина «Үздік әлеуметтік қызметкер», Айжан Жұмабай «Үздік волонтер», жуырда Шымкент қаласында өткен ересектер арасында ел чемпионатында жеңімпаз атанған Даниял Сәбит «Үздік спортшы», «Батыс Су арнасы» ЖШС қызметкері Жасқайрат Борбаев «Үздік сантехник», «№7 ЖОББМ» КММ-де информатика пәнінің мұғалімі Гүлжазира Өтепқалиева «Үздік ұстаз», «Оралавтотранс» ЖШС қызметкері Жақсығали Мүсіров «Үздік жүргізуші», фтизиатр-пульмонолог маман Гүлзада Тастаева «Үздік медицина қызметкері», «Болашақ-Т» ЖШС компаниясының қызметкері Жаңылғаным Сафиева «Үздік сырлаушы», «Әлия-Сервис» ЖШС қызметкері Ақылбек Хисин «Үздік дәнекерлеуші», « СКФ Отделстрой» ЖШС қызметкері Ғани Кулекешов «Үздік тас қалаушы», «Уральскводстрой» АҚ ЖШС учаске басшысы Артур Тедеев «Үздік құрылысшы», «Наурыз» Коммерциялық-Құрылыс фирмасы» ЖШС қызметкері Әсел Қабиева «Үздік әрлеуші» атанды. Ал биылғы жылы «Үздік ПИК» номинациясы «Заңғар» жеке кәсіпкерлігіне берілді.