Бүгін Зашаған кентінде орналасқан Қалалық мәдени ағарту бірлестігіне қарасты "Бәйтерек" балалар аула клубы заманға сай үлгіде жаңартылып

Бүгін Зашаған кентінде орналасқан Қалалық мәдени ағарту бірлестігіне қарасты "Бәйтерек" балалар аула клубы заманға сай үлгіде жаңартылып

Бүгін Зашаған кентінде орналасқан Қалалық мәдени ағарту бірлестігіне қарасты "Бәйтерек" балалар аула клубы заманға сай үлгіде жаңартылып, комьюнити орталығы ретінде қайта ашылды. ​ ​

Ашылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубәкеров, шақырулы қонақтар мен ардагерлер қатысты.

"Бәйтерек" балалар аула клубы 2014 жылы наурыз айында ашылып, бүгінде облыс, қала көлемінде өтетін түрлі мерекелік шаралардың, Зашаған кентіндегі мәдени - спорттық шаралардың ұйытқысы бола білген үлкен орталыққа айналды. Клубқа биылғы жылы
ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай жаңартылды.
Орталықта “Жайық толқындары” әжелер вокалдық тобы мен “Ән әуен” вокал, “Шабыт” би тобы, көркемсөз, “Сырлы өнер” қолөнер үйірмелері жұмыс жасап, аталған үйірмелерге бүгінде 200-ге тарта адам қатысады. Орталықтың тәрбиеленушілері халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып, облысымыздың намысын қорғап жүр.

Шарада жас өнерпаздар — аталған орталықтың тәрбиеленушілері өнер көрсетті.