Бүгін Тұңғыш Президент алаңында шаһардың бас шыршасы жағылды. Ұзындығы 18 метр болатын шырша ойыншықтар және түрлі-түсті шамдармен көмкерілген. Салтанатты шара барысында мерекелік қойылым сахналанып, оған жаңа жылдың сүйікті кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар қатысты.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Кайрлиевтің айтуынша, биыл қала аумағында жеті шырша орнатылған.
«Шаһардағы барлық шыршалардың шырағы бір мезгілде жағылды. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін кент, селолық округтерде де шыршалар орнатылды. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты жаңажылдық шаралар онлайн форматта өтеді.«Нұрға толы Жаңа жыл» мерекелік бағдарламасы алдын ала түсіріліп, жергілікті телеарналардан 31 желтоқсан күні көрсетіледі. Сондай-ақ балаларға арналған ертегі-қойылымның да түсірілімі жасалып, әлеуметтік желілерде жарияланатын болады», — деді бөлім басшысы.