
Алдымен шаһар басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес №10 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сыныбының үздік оқушысы Құрманғали Бибарысқа Президент атынан берілген сыйлықтар мен “Bilim book” планшетін табыстады.
Жаңа жылдық сыйлықтар аз қамтылған отбасылардан шыққан 120 балаға, сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту орталығы мен мектепте есепте тұрған 140 мүмкіндігі шектеулі балаға берілмек.
Мерекелік безендірілген 8 көлік 4-5 күн бойы балаларға қала әкімінің тәтті сыйларын жеткізетін болады.