Қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларға санитарлық талаптарды сақтауға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілді

Қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларға санитарлық талаптарды сақтауға қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілді

Орал қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі мамандары тексеріс барысында бірқатар жүргізушілердің жеке қорғану құралдары яғни маска тақпауы бойынша бұзушылықтар анықталды.
Анықталған бұзушылықтар негізінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 425-бап, 1-тармағына сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін Орал қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасынына өз құзірет шегінде шара қолдану үшін жіберіледі.
Сонымен қатар «Орал қаласының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ жолаушылар көлігі секторының мамандары күн сайын маршруттық автобустардың жүргізушілері мен кондукторларына және қоғамдық көлік ішіндегі жолаушыларға түсінік жұмыстарын, санитарлық талаптарды (маска, қолғап дез.өңдеу) сақтауға тексеріс жүргізуде.
Сондай-ақ, бөлім мамандарымен тұрақты негізде маршруттық автобустардың санитарлық жағдайын тексеріледі.