Бүгін Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Бүгін Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Сессияның күн тәртібіне 2022-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет, шаһардың даму бағдарламасы, әлеуметтік көмек көрсету және Орал қалалық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, кезекті сессия төрағасын сайлау мәселелері шығарылды.

Мәслихат сессиясында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков шаһардың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайына тоқталып өтті. Қала әкімі депутаттар мен сессияға шақырылғандарды тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, бюджет пен инвестиция, мектеп құрылысы, апатты үйлер, жол жөндеу, абаттандыру, жұмыспен қамтуға қатысты атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

Сессия соңында Абат Абайұлы жыл бойы қала әкімдігімен бірлесіп, түрлі деңгейдегі әлеуметтік және экономикалық маңызды мәселелерді шешуге ат салысқан мәслихат депутаттарын алғыс хатпен марапаттады.