Бүгін Оралда 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай ақ түсті 16 автомобильдің қатысуымен автошеру өтті

Бүгін Оралда 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай ақ түсті 16 автомобильдің қатысуымен автошеру өтті

Тұңғыш Президент алаңынан бастап кортеж қаланың басты көшелерімен жүріп өтіп, жақын маңдағы Деркөл, Зашаған және Желаев кенттерін аралады.

Бір жарым сағаттық автошеру барысында олар қалаға кіреберістегі "Орал" композициясына дейін жүріп, одан әрі Н.Назарбаев даңғылымен жаңа алаңға оралды.

Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шергалиевтің айтуынша, мерекелік автошеру өткізу туралы ұсынысты қала тұрғындары бірден қолдады.

«Бүгінгі автошеру қатысушылары Тәуелсіздік пен еркіндіктің символы ретінде мемлекеттік тулармен безендірілген 16 ақ көлікпен жүруді ұйғарды. Шеруге қатысқысы келетіндердің арасында әр түрлі салада жұмыс істейтін адамдар және Оралдағы "Кортеж 07" автомобиль тобының қарапайым такси жүргізушілері бар», - деді Артур Мұратұлы.