
Оралда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында бірнеше спорттық іс-шаралар өтті. Солардың бірі - Шаған өзенінің оң жағалауында (мәдениет және демалыс саябағы) және Чапаев Затонындағы шаңғы базасында бір мезгілде өткен шаңғы жарысы.
Жарысқа 70-тен астам қала тұрғындары — ең кішкентай шаңғышылардан бастап аға буынға дейін жарысқа қатысты.
«Бұл іс-шараны біз халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында өткізіп жатырмыз. Барлық қатысушылар бүгін жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарды сарапқа салады», - деді Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шергалиев.
Іс-шараға "Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы" ҚБ БҚОФ төрағасы Айдар Батырханов, қысқы спорт түрлері бойынша БЖМСМ директоры Тұрарбек Алтынбекұлы, сондай-ақ БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Әскербек Нұрмұханов қатысты. Олар жарыс жеңімпаздарын құттықтап, жүлделер мен сыйлықтар табыс етті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Қыздар арасында бірінші орынды Ақжайық Елубаева, екінші орынды Алтынай Никанова, үшінші орынды Алина Губашева иеленді.
Ерлер арасында алтын медальді Ратмир Ахметшин, күмісті Ернұр Сағынәлі, ал қоланы Арсен Ғұмаров алды.
Сондай-ақ, бүгін ҚР Тәуелсіздік күніне орай Бортау ауылында мұз айдыны ашылды. Ашылу салтанатына Зашаған кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитов және 2 БЖСМ директоры Ерден Жанғалиев қатысты.
Тұрғындарға алдымен мерекелік концерт қойылып, балалар арасында спорттық ойындар мен эстафеталар ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздарына Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Зашаған кенті әкімдігінің атынан жүлделер мен сыйлықтар табысталды.