Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде спорт кешені ашылды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде спорт кешені ашылды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде спорт кешені ашылды. Жалпы аумағы 1647 шаршы метрді құрайтын кешен күніне 100-ден астам адамды қабылдай алады. Мұнда әмбебап спорт алаңы мен фитнес тренажерлар орналасқан арнайы залдар бар.

Жиылғандардың қуанышына ортақтасқан облыс әкімі Ғали Есқалиев оралдықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, мұндай спорт кешендерінің халықтың спортпен айналысып, денсаулығын нығайтуға үлкен септігін тигізетінін жеткізді.
Ашылу салтанатында ардагер жаттықтырушы Балуаш Траисов пен аталған оқу орнының студенті, армрестлигтен әлем чемпионы Ержан Ерболат құттықтау сөз сөйледі.

Спорт кешенінің лентасын облыс әкімі Ғали Есқалиев пен университет ректоры Асқар Наметов салтанатты түрде қиды.