
Бүгін Зашаған кентінде "Нұрлы жер"бағдарламасы бойынша салынған 9 қабатты 180 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 10 609 ш.м. тұрғын үйдің құрылысын "Таскалатрансгаз"ЖШС жүргізді.
Тұрғын үйдің ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, қала тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
"Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету — "Нұрлы жер" бағдарламасының негізгі мақсаты. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат салғандар 15, 20 немесе 25 жылға жылдық 5% - бен несие алады. Несие жабылғаннан кейін пәтер меншікте қалады. Мемлекет есебінен мердігерлік компанияға, инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге, ауланы абаттандыруға қаражат бағытталатын болады. Бұл тұрғындар үшін үлкен жеңілдік", - деді аймақ басшысы.
Басапаналы тұрғындарының атынан сөз сөйлеген Айнагүл Үмбеталиева мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғанына қуанышын білдіріп, ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, биыл Оралда осы бағдарлама бойынша жалпы ауданы 69 953 шаршы метр болатын 7 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі.