
Жиынға зауыттың бас директоры Станислав Качало да қатысты.Шаһар басшысы қызметкерлерді ұлық мерекемен құттықтап, зауыттың тек Орал қаласында емес, еліміз үшін де бірден-бір қажетті өнеркәсіп кешеніне айналғанын атап өтті. Индустрияның флагманына айнала білген ұжымның жұмысына жеміс, қызметкерлеріне мықты денсаулық тіледі.
Жиында зауыт қызметкері Владимир Дремасовқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісі табыс етілді.
Сондай-ақ, өнеркәсіп кешенінің белсенді қызметкерлері облыс және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.