ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ ҮШІН ЕНДІ МЕКТЕПТЕРДІҢ СПОРТ ЗАЛДАРЫН ТЕГІН ПАЙДАЛАНА АЛАДЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ ҮШІН ЕНДІ МЕКТЕПТЕРДІҢ СПОРТ ЗАЛДАРЫН ТЕГІН ПАЙДАЛАНА АЛАДЫ

Мектеп спорт залдары Орал қаласының тұрғындары үшін 10 желтоқсаннан бастап қолжетімді болады. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, кез келген адам өз командасын жинап, оқу орнына келіп, спортпен шұғылдана алады.
«Басты мақсат – тұрғындарды белсенді өмір салтына тарту, халықтың денсаулығын нығайту және бұқаралық спортты дәріптеу. Қазір спортзалға келіп, волейбол, баскетбол, футбол және хоккей сияқты ойындар ойнағысы келетін адамдар көп. Ол үшін біз қала тұрғындарына 23 жалпы білім беретін мектептің спорт залдарын ұсынуды жөн көрдік. Ол үшін ешкімнен ақы алынбайды, аптасына бес күн келе алады: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма 19.00-ден 21.00-ге дейін және сенбі және жексенбі 9.00-ден 21.00-ге дейін. Залдарда дене шынықтыру мұғалімдері кезекшілік етеді, - деді Артур Шерғалиев.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі